KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОБ
492.22 529.38 5.03

Абай мен Михаэлис орындарынан айрылып қалды

25.06.2018, 04:26 81

Абай және Михаэлис көшелерінің қиылысындағы ескерткіш қойылады деген тұғырда мүлдем басқа дүние пайда болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Әуелі қала билігі ұлы ойшыл Абай мен Михаэлистің мүсінін қойған еді тұғырға. Бір күн тұрған ұлылардың мүсіні елдің күлкісіне айналды. Себебі, олардың пропорциясы дұрыс емес еді. Евгений Михаэлистің қолындағы кітап құдды ұялы телефон секілді болып қалған. Ойшылымыз бүгінгінің тілімен айтқанда «селфилетіп» тұрғандай. Әне-міне дегенше, ел арасындағы желдей ескен сөз тіпті әлемдік ақпарат құралдарының, оның ішінде ВВС-дің құлағына жеткен соң, мүсіндерді тез арада алып тастау туралы шешім шыққан.



Бұл тұғыр бұған дейін бес жыл бостан-бос тұрғаны естеріңізде болса,  ендігі жағдай мынау. Дәл қазір ұлылар мүсінінің орнында қанатын жайған қыран құс бейнелеген «Рухани жаңғыру» символы пайда болды.


Бұл композиция бейне бір: -  енді қоғамдық сана кемелденді, өткен бес жылдағы олқылықты ұмытайық,- деп тұрғандай.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив