KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,8 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Әкімдіктер алқаптардың тиімді пайдалануын қадағалайды

15.06.2018, 06:30 152

Қазіргі уақытта елді мекендердің айналасындағы жайылымдардың басым бөлігі жеке меншікте, жеке адамдардың пайдалануында. Ауылдың айналасында жеке меншіктің малы жайылатын жер жоқтың қасында. Жер кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар бойынша алдағы уақытта тұрғындардың жайылым жерлерге мұқтаждығын мемлекет мүддесіне жатқызу жолы арқылы бұл жер телімдерін алу мүмкіндігі ұсынылмақ.


ҚР Президентімен 2018 жылғы 4 мамырда «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылып, ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 21 мамырда күшіне енген заңға жайылымдық жерлерге, ауыл тұрғындарының малын жаятын өрістерді реттеуге қатысты бірқатар өзгерістер енді. Сонымен бірге жергілікті атқарушы органдарға бірқатар жаңа функциялар берілді, оның ішінде: аудандық және қалалық жергілікті атқарушы органдарға: жер комиссиясының құрамын қалыптастыру, комиссия туралы ережені әзірлеу және тиісті жергілікті өкілді органға бекітуге жіберу; ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Бұрын бұл міндетті жер инспекциясы атқаратын.


Өскеменде ауыл шаруашылығы мамандарына, кәсіпкерлерге жаңа заңның ерекшеліктерін түсіндірген Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Жанар Қаржанова мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатысының өкілі Назира Үсенова, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Виктория Барсукова жерді қатынастарына байланысты өзгертулердің халыққа тиімді тұстары көп екендігін айтты.


Жерді пайдалануға қойылып отырған талаптар қандай болмақ? Жайылымдық жерлер мәселесі қалай шешілмек? Толықтырылған заңға тағы да өзгерістер енуі мүмкін бе? Шекаралық аймақтардың жерін пайдаланып жатқандардың жері қайтарылып алына ма?


Тақырыптың жалғасын «Дидардың» 21 –ші маусым күнгі санынан оқи аласыздар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив