KZ
Өскемен
+9°
небольшой проливной дождь жел 3 м/с, СБ
441.44 473.09 4.75

Семей орманындағы өрт әлі өшкен жоқ, 300 гектар жердің жанып кеткені белгілі болды

22.05.2018, 04:16 151

Кеше басталған Қызылкардон аумағындағы орман өртін сөндіруге 300 адам жұмылдырылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Олардың құрамында орман шаруашылығының адамдары, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі» бар. Қалың оттың ішіне кіре алатын 70 техника да жұмыс істеуде. Тракторлар жерді өңдеп жатыр. Өртеген жерлерде екі алаң белгіленген.


"Бұрынғы өртенген орманның ішкі тұсы ғана жалғасып жатыр. Тілсіз жау сыртқа қарай тараған жоқ. Орманшылар мен өрті сөндірушілер өртенген тұсты қадағалауға алған. Желдің қатты шығуы да орман өртін сөндіруге кедергі. Қазіргі уақытта 300 гектар жер жанып кеткені белгілі болды",- дейді Семей қалалық ТЖБ баспасөз қызметі.


Кеше Семейге Өскеменнен де арнайы тікұшақ келген еді. Олар барлығы әуеден 25 тонна болатын 6 мәрте су құйды. Бүгін таңертеңнен бері МИ-2 тікұшағы әуе арқылы бақылауда. Өрттің шығуының себеп-салдары белгісіз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив