KZ
Өскемен
+4°
туман жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Ғалымдар ШҚО-дағы Төрт обаны зерттемекші

14.06.2018, 06:58 183

Тарбағатай ауданындағы Екпін ауылдық округіне қарасты Аққала елді мекеніне белгілі тарихшы ғалым Әбдеш Төлеубаев бастаған Шілікті-Тарбағатай археологиялық экспедициясы келді.


Экспедиция мүшелері елді мекен жанындағы Төрт оба қорымына барып, жас ғалымдармен осыдан 2 500 мың жыл бұрынғы сақ тайпасы патшаларына тиесілі қорымды зерттеуді бастады.


Ғалымдар бұл қорымнан тағы бір «Алтын адам» табылуы мүмкүн деген пікір айтып отыр. Археологиялық экспедицияның ғылыми-зерттеу жұмыстарына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық бюджеттен аймақ басшысы Даниал Ахметовтің мұрындық болуымен арнайы қаржы бөлінген. Ғылыми экспедиция қорымда бірнеше ай жұмыс жүргізетін болады.


Қадырбек Кәкімұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив