KZ
Өскемен
+2°
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

"1 шілдеге дейін бітіреміз" Зыряндағы ыстық су мәселесі

11.06.2018, 10:35 92

Зыряндықтардың «жаз бойы ыстық сусыз қалай күнелтеміз» деген уаймы сейілді. 31 мамырдан 1 маусымға қараған түні алдағы жылыту маусымына дайындау үшін нысанда қайта жарақтандыру жұмыстарын бастаған ауданның басты қазандығы «ЗМЭП» КМК ыстық суды екі айға тоқтатқан болатын, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Алайда аудан әкімі Нұржан Тоқсейітов тұрғындарды сабырға шақырып, шілденің бірінші жұлдызына қазандық жаңғырту жұмыстарын аяқтайтындығын айтып иландырды.


- Өткен жылы ыстық су 1-тамызда берілді. Сол кезде-ақ мен тұрғындарға алдағы жылы мұндай жағдайдың қайталанбайтындығын айтқан болатынмын. Кәсіпорын басшылығына бірінші шілдеге дейін жөндеу жұмыстарын аяқтау жөнінде нұсқаулық берілді. Көп қабатты үйлер мен орталықтандырылыған жылу жүйлереіне қосылған тұрғын үйлерге 1 шілде күні ыстық су беріле бастайды,-деді аудан әкімі.


Қазандықты алдағы жылыту маусымына дайындау және жарақтандыру жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтау қырқынмен жүргізілетін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив