KZ
Өскемен
+8°
ясно Штиль
479.05 534.57 5.17

Төлқұжатты дайындау мерзімі қысқарды

10.06.2018, 05:21 80

– Таныстарымнан биылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарын, жеке куәліктерін жеделдетіп дайындау санаты өзгерді деп естідім. Осы жөнінде толық ақпаратты қайдан алуға болады?


Айдын Әскерхан,


Ұлан ауданы.

Сауалға облыстық ІІД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Жаннат Музамелова жауап береді:


– 2018 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарын, жеке куәліктерін жеделдетіп дайындау санаты өзгерді және толықтырылды.


Мәселен, бұйрыққа сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттарды қосымша бағаға жеделдетіп жасаудың мынадай мерзімдері, жеделдету санаттары және баға прейскуранты белгіленген:


- облыс орталықтары үшін 1-ші жеделдету санаты бойынша 3 (үш) жұмыс күніне дейін, төлем сомасы 4 мың 983 теңгені құрайды, 2-ші жеделдету санаты бойынша 5 (бес) жұмыс күніне дейін, төлем сомасы 2 мың 752 теңге;


- облыстардың аудандары мен қалалары үшін 3-ші жеделдету санатына 7 (жеті) жұмыс күні белгіленген, жеделдетіп дайындау төлемі 1 мың 116 теңге сомада.


Жасау және беру мерзімдерінің едәуір қысқаруын ескере отырып, жеке басты куәландыратын дайын құжаттар «Қазпошта» АҚ қызметі арқылы жеделдетілген тәртіпте ХҚКО-на жолданатын болады

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив