KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 1,4 м/с, СБ
481.84 531.33 5.07

Семейде спидкуберлер қала жұртшылығын таңқалдырды (видео)

9.06.2018, 08:41 364

Семей шаһарына рубик текшесін шапшаң жинап құрастырудан жаһандық додаларда топ жарып жүрген рекордсмендер келіп, қала жұртшылығын таңқалдырды.


Нақтырақ айтқанда, түрлі пішіндегі кубик рубикті голландиялық Матс Валк бір қолымен көзді ашып-жұмғанша лезде құрастырып шықса, ал Ресейдің «Ерекше адамдар» байқауының жеңімпазы, әлемдік рекордшы Роман Страхов болса жабық көзбен небәрі 10 секундта түрлі-түсті текшені жинақтап үлгерді.


Сондай-ақ, Роман көпшіліктің алдында төртбұрышты кубиктардан жасап шыққан Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бейнеленген портретті осы турнирдың халықаралық деңгейде өтуіне ұйытқы болып отырған белгілі кәсіпкер Арман Машимовқа өз қолымен табыс етті.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив