KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 1,4 м/с, СБ
481.84 531.33 5.07

Семейде «Semey Open 2018» халықаралық турнирінің жеңімпаздары анықталды

11.06.2018, 14:29 95

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде рубик текшесін жылдам құрастырудан «Semey Open 2018» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті.


Екі күнге созылған тартысқа толы додаға Қазақстанның барлық өңірлерінен бөлек Нидерланд, Ресей , Беларусь, Өзбекстан, Иран сияқты шет мемлекеттерден 136 үміткер бақ сынады. Қатысушылар WCA қауымдастығы бекіткен талапқа сәйкес , 18 санат бойынша өз араларында кіл мықтыларды анықтады.

Жарысқа Әлем чемпионаттарында топ жарып жүрген рекордсмендер голландиялық Матс Валк пен ресейлік Роман Страховта қатысқан болатын. Жас жеткіншектердің осындай аңыз спортшылармен бәсекеге түсіп, бір қатарда именбей өнер көрсетулері олар үшін мол тәжірибе болғаны анық.


Қостанай қаласынан келген 14 жастағы Ерасыл Болысбек аяғымен кубик рубикті небәрі 1 минут 19 секундта жинақтап, Қазақстанның жаңа рекордын орнатты.



Сонымен көптен күткен жеңімпаздар тізіміне көз жүгіртетін болсақ, барлық қарсыластарын шаң қаптырып, ең көп ұпай еншілеген Матс Валк кубокты қанжығасына байлады. Сондай-ақ Ресей Федерациясының намысын қорғаған Николай Массон 2- орынға тұрақтаса, ал Белоруссия елінен келген Илья Терешко үздік үштікті қорытындылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив