KZ
Өскемен
+4°
туман Штиль
478.93 534.96 5.16

Өскеменнің іргесінде тәулік бойы жұмыс істейтін балабақша ашылады

5.06.2018, 04:51 127

Ұлан ауданының Айыртау ауылында тәулік бойы жұмыс істейтін балабақша ашылатын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Аталмыш ауылда 2012 жылдан бері «Балдәурен» балабақшасы жұмыс істеп келеді. Мекеме директоры биылдан бастап эксперимент жасап көрмек, яғни Өскеменнен келетін 2 жастан 6 жас аралығына дейінгі балалармен жұмыс істеуді қолға алады.


-Балаларды бақшаға жеткізу жағын да өз міндетіме аламын. Ата-аналарға балаларын дүйсенбіде алып келіп, жұма күні алып кетуді ұсынып отырмын.  Егер күн сайын кешке жұмыстан кейін алып кетуге мүмкіндіктер болса, алып кете беруге болады. Балалар бізде аптасына бес күн бойы  болады,-дейді балабақша директоры Сұлухан Ағзамова.


Айыртау ауылы мен Өскемен қаласының арасы 30 шақырым.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив