KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Айыртауда "Балдәурен" балабақшасы ашылды

21.05.2012, 18:00 146


Айыртауда бизнес пен Үкімет серіктестігінің арқасында қолданысқа берілген «Балдәурен» жекеменшік балабақшасы ашылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Екі қабатты балабақша бұрын монша-кір жуу комбинатының ғимараты болған дегенге сену қиын. Ауласы мен ойын алаңдары ерекше безендірілген тәрбие ұясына жеке кәсіпкер Сұлухан Ағзамова 40 млн. теңге жұмсаған. Балабақшаның арқасында 75 бүлдіршін мектепке дейінгі тәрбиемен, 18 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Бір балаға айына 7500 теңге төлесе, екі бірдей бала әкелген ата-ана жеңілдік шарты бойынша әр балаға 5000 теңге төлей алады. Айналасы екі айдың ішінде қалыпқа келтірілген балабақшаға балаларын беруге қазірдің өзінде 70-ке жуық өтініш түскен екен.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив