KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Семейде көпқабаттың үйдің терезесінен 5 жасар бала құлап кетті

5.06.2018, 02:55 164

Осыдан 8 күн бұрын Жаңасемей аумағындағы көпқабатты үйлердің бірінің терезесінен 5 жасар бала құлап кеткені туралы хабарлаған едік. Ал кеше кешкісін Семей қаласында тағы да тура осындай бір оқыс оқиға тіркеліп отыр.


Бұл жағдай қ 10 қабатты тұрғын үйде орын алған. Ересектердің бақылауынсыз үйде жалғыз қалған кішкентай бүлдіршін екінші қабатта орналасқан пәтер терезесінен құлап кеткен.


Қазіргі таңда бірнеше ауыр жарақаттарымен балалар ауруханасына тез арада жеткізілген баланың өмірін сақтап қалу үшін ақ халатты жандар бар күштерін салуда.


Семей қалалық ТЖБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, былтырғы жылдың өзінде-ақ, терезеден құлап кеткен үш баланың оқиғасы тіркелген болатын. Көбісінің себебі, ата-анасының қарауынсыз қалғандықтан , ұйқыдан ояна салысымен әке-шешесін іздеп, балконға немесе терез алдына шығады, ал соңы өкінішке орай қайғылы оқиғалармен аяқталып жатады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив