KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 3 м/с, З
441.58 480 4.86

Семейде бес жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті

28.05.2018, 09:07 108

Ересектердің бақылауынсыз пәтерде жалғыз қалған кішкентай бүлдіршін Жаңасемей аумағындағы көпқабатты үйлердің бірінің терезесінен құлап кеткен.


Қазіргі таңда бірнеше ауыр жарақаттарымен балалар ауруханасына тез арада жеткізілген баланың өмірін сақтап қалу үшін ақ халатты жандар бар күштерін салуда.


Семей қалалық ТЖБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, былтырғы жылдың өзінде-ақ, терезеден құлап кеткен үш баланың оқиғасы тіркелген болатын. Көбісінің себебі, ата-анасының қарауынсыз қалғандықтан , ұйқыдан ояна салысымен әке-шешесін іздеп, балконға немесе терез алдына шығады, ал соңы өкінішке орай осындай жаман оқиғалармен аяқталып жатады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив