KZ
Өскемен
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Үржарда 41 жастағы ер адам суға кетті

4.06.2018, 05:44 232

Шығыс Қазақстанның Үржар ауданында 41 жастағы ер адам суға кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Сасықкөлден балық аулауға шыққан жігіт ағасы үйіне оралмаған соң жақындары дабыл қағыпты. Шығыс өңірлік аэроұтқыр құтқару жасағының мамандары жеткенше марқұмның денесін ауылдастары судан алып шыққан.


«Алдын ала ақпараттар бойынша, марқұмның жеке бас қауіпсіздік құралдары болмаған.  Бұл жыл басынан бері суға кеткен бесінші адам», - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бапасөз хатшысы Анастасия Скляр. Айта кетейік, сенбі күні ШҚО-да бір жігіт пен бала суға кеткен болатын


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив