KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

«Философияның таңдаулы 25 кітабы» әр кезеңнен ықшамдалып жазылған

1.06.2018, 04:25 169

– «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық» атты жоба аясында аударылатын кітаптардың дені батыстан, яғни Еуропадан алынып отыр. Бірақ студенттерге шығыс тіл білімі мен психологиясын, философиясын қамтитын оқулықтар да қажет, - деп бастады әңгімесін Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың доценті, филология ғылымдарының кандидаты Бердібек Бияров.


Кездесу барысында Бердібек Бияров аталмыш жобаның маңыздылығына тоқталып, алғаш рет жарық көрген бірқатар кітап жөнінде пікірін білдірді.


-Ресейлік профессор Светлана Терминасованың «Тіл және мәдениетаралық коммуникация» атты еңбегінде әртүрлі мәдениет өкілдерінің өзара ұғынысып, ортақ тіл табысуы үшін не маңызды екені егжей-тегжейлі түсіндірілген. Ал «Философияның таңдаулы 25 кітабы» атты оқулығы аталмыш салаға бет бұрған жастарға арналып, ықшамдалып жазылған. Мұнда батыс философиясының әр кезеңін қамтитын 25 шығарма іріктеліп жазылған. Әдетте, шет тілінен аударылған кітаптар мазмұнын жоғалтып алып жатады. Ал бұл жолы керісінше, Ұлттық аударма бюросының әр сала бойынша жіліктеп аударғаны көрініп тұр, - дейді С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың доценті.


Кездесуде Бердібек Бияров барлық ғылымның тізгінін бірдей ұстау қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, кез келген халықтың азып-тозып кетпесі үшін рухани жаңғыруы керек. Сонда ғана адам бойындағы гуманизм, адамгершілік, патриоттық сезімдер ешқашан жоғалмайды.


– Біз бұл жобаны тәуелсіздік ала салып, бастауымыз керек еді. Мысалы Жапония Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемдегі ең білікті ғалымдардың еңбектері мен оқулықтарын аударуды қолға алып, даму жолына түскен еді. Алайда «Ештен кеш жақсы» демекші, бұл кітаптар жастардың білім деңгейін көтеріп, дүниетанымын кеңейтетініне сенімім мол, - деп түйіндеді Бердібек Бияров.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив