KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 8 м/с, СБ
483.23 534.74 5.12

«100 жаңа оқулық». Жоба бізге не береді?

1.06.2018, 04:14 185

Биылғы оқу жылынан бастап Өскемендегі педагогикалық колледждің студенттері «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық» бағдарламасы аясында жарық көрген оқулықтармен білім алмақ. Бұл туралы аталмыш колледждің директоры Фархад Құрманов мәлім етті.


– Осы жоба аясында ана тілімізге аударылған кітаптардың маңызы зор. Неге десеңіз, біздің колледждерде білім алып жатқан студенттер үлкен өмірге аяқ басқан кезде, олар әлеуметтік, психологиялық, философиялық, саяси тұрғыдан өз көзқарастарын жеткізе білетін маман ретінде қалыптасып шығады. Сондықтан әлемдік деңгейдегі бұл оқулықтардың жастарға берері мол деп есептеймін. Өкінішке қарай, әлі күнге дейін аталмыш жоба шеңберінде аударылған оқулықтар қолымызға тимеді. Дегенмен біз бұл кітаптардың электронды нұсқасын пайдаланатын боламыз, - дейді Фархад Құрманов.


Кездесу барысында аталмыш колледждің директоры көпшіліктің көкейінде жүрген «Жоба бізге не береді?» деген сұраққа жауап берді.


– Біріншіден, жаһандық бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға мүмкіндік береді. Екіншіден, қазақ тілінің қорын халықаралық лексикамен байытады. Үшіншіден, еліміздегі білім беру саласының дамуына оң ықпалын тигізеді, - дейді Фархат Сақанұлы.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив