KZ
Өскемен
-13°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Жалған хаттамалар толтырып келген полицей сотталды

Фото: depositphotos.com

3.10.2024, 11:30 158 Ержан Әбіш

Өскемен қаласында жалған хаттамалар толтырып келген полиция қызметкері сотталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Қалалық №2 соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшысына ҚР ҚК-нің 416-бабы 2-бөлігіне қатысты қылмыстық іс қаралған.

­– Анықталғандай, Өскемен қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторы болып жұмыс істеген айыпталушы өзінің қызметтік бабын пайдалана отырып, 2023 жылдың 20 қаңтары мен 5 ақпаны аралығында жалған хаттамалар толтырып келген. Атап айтқанда, қоғамдық орында мас күйде жүру туралы 2, қоғамдық орында тиісу туралы 1 хаттама толтырған, – делінген ақпаратта.

Осылай қызметтік көрсеткішін жақсартуды көздеген полицей сот барысында өз кінәсін толықтай мойындады.

­– Сот шешімімен 3 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылған сотталушы 400 АЕК (1 380 000 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, – делінген хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу