KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
475.18 510.72 5.47

Өскемендегі шомылу орындарының ең басты кемшіліктері айтылды

29.05.2018, 09:07 99

Төтенше жағдай мамандары Шығыс Қазақстандағы шомылу орындарын тексеруді бастады. Осы мәселеге байланысты өткен брифингте Өскеменнің маусымға дайындығы мардымсыз екені айтылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


деңгейдегі жағажай бар. Оның екеуі Өскеменнің өзінде орналасқан. Құтқарушылар «Көгілдір көл» және «Октябрь» жағажайлары адам қабылдауға дайын емес екенін ескертеді.


«Шомылу орындарының кемшіліктері ортақ: жүзу шекарасы белгіленбеген, балаларға арнайы орын қарастырылмаған, тереңдігі 1,2 метрден асып кетеді. Осындай кемшіліктері үшін былтыр бір жағажайдың жер телімі мемлекетке қайтарылған болатын», - дейді қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Валентин Литвиненко.


Ал Семейдегі жағажайлардың ешбірі ресми тіркелмеген. 340 шомылу орнының арнайы құрылғылармен жабдықталмаған. Олардың көбінде бақылау мұнаралары да орнатылмаған.


«Бұл мәселе жыл сайын айтылады. Шомылуға болмайтын жерлерге арнайы белгілер де қойылған. Оны елейтіндер шамалы» - деді облыстық ТЖД-ның төтенше оқиғаларды жою бөлімінің басшысы Азамат Қапышев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив