KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Семейдегі мектептердің есік-терезелерін жөндеуге Жапония қаржы бөліп отыр

29.05.2018, 06:06 243

Жапонияның Қазақстандағы «Шөп тамыры» әлеуметтік жобасына орай Семейдегі ескірген мектептердің есік-терезелерін жөндеуге Күн Шығыс елі белсене атсалысуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Мектептердің сыртқы келбеті қалай өзгергендігін көзбен көру үшін Қазақстандағы Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Итиро Кавабато мырза Семейге арнайы келді.


-«Шөп тамыры» жобасын қолға алғаннан бері қарай, Шығыс Қазақстан облысында 22 жобаны жүзеге асырдық, бұл жалпы құны 1 млн. 400 мың АҚШ доллары тұрады,-деді елші Итиро Кавабато мырза,-осы қаржының қомақты бөлігі Семей мектептерінің терезелерін жөндеуге, яғни заманауи пластик терезелерге ауыстыруға жұмсалды. Біз осы «Шөп тамыры» жобасы арқылы әлеуметтік, медициналық, білім беру мекемелеріне көмек көрсетеміз. Қазіргі уақытта Семейде сегіз мектеп жөнделіп отыр.


Қонақтар үшін Семейдегі Пригород мектебі, №29 мектеп сияқты білім ошақтары арнайы бағдарлама әзірлеп көрсетті. Олар елшіні өз жетістіктерімен таныстырды.


-Біздің қала бюджетіне Жапон елінің қаржысы біршама көмек болып отыр,-деді Семей қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко,-мәселен, бір мектептіің терезесін ауыстыру 20 млн теңгеден асып жығылады. 2018 жылы қала бюджетінен бір ғана №21 мектептің терезелерін жаңалауға ғана қаржы берілгендіктен, қалған мектептерді жөндеуге бізге Күн шығыс елінің пайдасы тиіп отыр

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив