KZ
Өскемен
+4°
туман Штиль
478.93 534.96 5.16

Семейліктер жылу тарату мекемесіне 600 млн теңге қарыз

24.05.2018, 03:50 174

Қаламыздағы «Жылукоммунэнерго» мекемесі қарызы бар тұрғындардың үйіне барып, қатаң жазаларды қолданғанды жөн көріп отыр. Нақтырақ айтқанда, ұзақ уақыт бойы жылу үшін ақша төлемей жүрген шаһар тұрғындарының пәтерлері жарықтан ажыратылуда.


2015 жылы  семейліктердің жылу беру мекемесі алдындағы жалпы берешегі 240 млн теңге болса, 2016 жылы 342 млн.600 мың теңгеге жеткені туралы айтылған. Ал қазіргі 2018 жылғы соңғы мәліметтерге қарсақ, бұл көрсеткіш күннен-күнге артып жатқанын байқауға болады. Олай дейтін себебіміз, қазіргі таңда тұрғындардың жылу мекемесіне шамамен 600 млн теңгедей қарыз.


«Борышкерлермен күрес жұмыстары жыл бойы жалғасады. Біз қатаң шараға көшуге мәжбүрміз. Себебі, тұрғындар тұтынған жылуға ақша төлеуге асықпайды. Енді жылуға ақшаны 3 айдан артық төлемесе тұрғындар рет-ретімен жарықтан ажыратылады»,-деді «Жылукоммунэнерго» мекемесінің бөлім басшысы Гауһар Жетпісбаева.


Айта кету керек, жылу мекемесінің қызметкерлері 3 мыңнан артық тұрғынның үстінен сотқа шағым түсірген. Бүгінде олардың 1500-і сот орындаушыларының қарауында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив