KZ
Өскемен
+4°
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Семейде жылу мекемесінің жұмысшылары 3 ай жалақы алмай келеді

26.09.2018, 04:00 199

Семейдегі «Жылукоммунэнерго» мекемесінің жұмысшылары 3 айдан бері жалақысыз отыр. Кәсіпорынның еңбекақы бойынша қарыз мөлшері бүгінде 245 млн теңгеге жеткен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.


Мекеменің жұмысшылары алдындағы қарыз мәселе тұрғындардың жылуға берешекті төлемеуінен туындаған көрінеді. Бүгінде жылуға қарызы барлардың сомасы 400 млн теңгеге жуық. Оның 80 пайызы тұрғындарға тиесілі.  Арнайы мамандардан құралған топ борышкерлердің үйін аралап, жаз бойы күрес жүргізіпті.  Дегенмен тұтынған жылу үшін берешектерін төлеуге тұрғындар  әлі де асықпайды. Қаржы тапшылығынан мекеме жұмысшылары  3 ай жалақы алмаған. Бүгінде жалпы қарыз мөлшері 245 млн теңгеге жеткен. Жыл басынан бері қарызы бар абоненттерге берешекті қайтару туралы ескерту жасалған. Ал оны елемей белгіленген уақытта қарызды қайтармаған борышкерлер жарықтан ажыратылды. «Жылукоммунэнерго» мекемесінің абоненттермен жұмыс бөлімінің басшысы Гаухар Жетпісбаеваның айтуынша, борышкерлермен жұмыс  әлі де жалғасуда.


– Жылу мекемесінің қызметкерлері 3 мыңнан артық тұрғынның үстінен сотқа  шағым түсірген. Сот қаулысы шыққаннан кейін борышкерлердің мүлкі тәркіленіп, еңбек және зейнетақысынан жылу  берешегі өндірілуде.  «Борышкерлермен күрес жұмыстары жыл бойы жалғасады. Біз қатаң шараларды қолдануға мәжбүрміз. Өйткені, көпшілік тұрғындар тұтынған жылуға қарызды қайтаруға асықпайды. Енді жылуға ақшаны 3 айдан артық төлемесе  тұрғындар рет-ретімен жарықтан ажыратылады болады, – деді Гауһар Жетпісбаева.


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив