KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность жел 2,4 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Катонқарағайдың ауылында су құбырлар жүйесі қайта құрылады

21.05.2018, 09:24 220

Катонқарағай ауданының Солдатово ауылында «Аймақтарды дамыту» мемлекеттік бағдарламасының аясында су құбырлары жүйесі мен құрылғыларын қайта құру бойынша ауқымды жоба қолға алынды.


Сумен қамтамасыз ету мәселесі бұл ауылда көптен бері көтеріліп келе жатқан өзекті мәселелердің бірі еді. Көне су құбырларының жүйесі ауылдың бір жартысын ғана қамтитын, оның үстіне құбырдың сыртын қаптаған балшықтың арқасында ғана осы күнге дейін жетіп отыр.


Ауылдық округ әкімі Болат Қадырмышевтің айтуынша, өткен қыстың өзінде су құбырларында бес рет апатты жағдай орын алған. Тұрғындарыдң көбі үйлерінің ауласындағы құдықтың суын пайдаланады екен. Бірақ оның суының сапасы ішуге жарамасыз көрінеді.


Енді алдағы уақытта ауыз су мәселесі шешімін табады. Ауылда ұзындығы 18 шақырымға жететін су құбыры, екі сорғы станциясы, көлемі 200 кубометрлік екі монолитті резервуар салынып, екі терең ұңғыма қазылады.


Сондай-ақ, аталмыш жобада әрбір үйге ауыз су кіргізу де қарастырылған екен. Бірақ ол үшін әр тұрғыннан 2700 теңге көлемінде қаражат жиналады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив