KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

Биыл әскерге шақырылып жатқан бозбалалардың көпшілігінің көру қабілеті нашар

21.05.2018, 08:52 185

Өскемен қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының қоғаммен байланыс жөніндегі инспекторы Бақтияр Қаженовтың айтуынша, әскерге шақырылып жатқан бозбалалардың көпшілігінің көру қабілеті нашар.


Бойына салмағы сай емес қушиған, қатты арық, немесе керісінше  түрлі эндокриндік аурулардан тым толып кетіп, қорбаңдап қалған жігіттер де үсті-үстіне көбейіп келеді.


-Өскеменнен жыл сайын күзгі және көктемгі әр шақырылымдарда шамамен 100 бозбала әскерге аттанады. Бұрын бір шақырылымда әскерге баратындардың саны бұдан аз, 50-70 шақты болатын. Қазіргі күні сарбаздарға деген тапсырыс көлемі біраз болса да көбейді. Жалпы шақырылым бойынша келген ұлдардың 70 пайыздайы түрлі себептерге: ауру болуына, оқу орындарында оқып жатуына, отбасының жалғыз асыраушысы болып отыруына, мерзімінің шегерілуіне, басқа да себептерге  байланысты әскерге жарамай, бармай қалады. Медициналық тексерістен бөлек болашақ сарбаздар қатаң психологиялық тестілеуденде өткізіледі,-дейді Бақтияр Қаженов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив