KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, Ю
441.41 477.78 4.84

Өскеменде музыкалық субұрқақтар іске қосылды

18.05.2018, 08:11 160

Кеше Республика алаңындағы музыкалық субұрқақтар іске қосылды. Олар өзінің кестесі бойынша жұмыс істейді: сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін.


«Өскемен Тәртіп» кәсіпорнының баспасөз хатшысы Әсел Ахметжанованың хабарлауынша, кеше тағы үш субұрқақты жазға дайындау жұмыстары қолға алынды. Атап айтқанда, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің бас корпусының, Орталық мәдениет үйінің (қазіргі «Ertis kontsert» ) алдындағы және Пермитин көшесіндегі субұрқақтар.


-Бүгін жөндеу және дайындау жұмыстары жалғасын табады. Олардың қай уақытта іске қосылатыны белгісіз. Бірақ жуық арада, - деді Әсел Ахметжанова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив