KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,8 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Өскеменде ұрылар «Лада Приораның» төрт есігін бірдей шешіп әкеткен

23.05.2018, 11:46 165

22 мамыр күні сағат таңғы  7 кезінде  Өскемен қаласының 55 жастағы тұрғыны полицияға қоңырау шалған. Айтуынша, белгісіз біреулер оның аулада тұрған «Лада Приора» көлігінің төрт есігін бірдей шешіп әкеткен, деп хабарлайды Алтайньюс.


Михаэлис көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында тұрған көліктің есіктерін шешіп алған баукеспелердің, автомобиль салонындағы ұсақ-түйек заттарды да үптеп кеткені анықталды.


Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары көлікте  сигнализация дабылы жоқ екендігін анықтады.


-ҚР ҚК 188-бабы, 2-тармағы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалып, іздестірілу шаралары қолға алынды,-деп хабарлайды қалалық ІІБ баспасөз қызметі.


Аталған оқиғаға қатысы бар қылмыскерлер әлі қолға түскен жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив