KZ
Өскемен
+2°
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Семейдің «әмбебап» полицейлері бір түнде үш бірдей қылмыстың бетін ашты

8.12.2013, 18:00 93


Семей қаласының «әмбебап» полицейлері бір түнде үш бірдей қылмыстың бетін ашты. 5-желтоқсанда түнгі кезекшелікте болған полиция сержанттары Олег Бельский, Қайырбек Жұмаділов, Айдын Ыбрайымов сдуденттерден құралған қылмыстық топты әшкереледі, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз ақпаратына сілтеме жасап.

Семей қалалық ІІБ-ның кезекші бөліміне Аймауытов көшесіндегі бір үйлердің ауласында ұрлық жасалғаны жайында хабар келіп түскен. Қылмыс 1-желтоқсаннан 2-желтоқсанға қараған түнде орын алған. Қылмыскерлер Самс автокөлігінен екі бірдей «Барыс» аккумуляторын жымқырып кетіпті. Зардар шегуші келген шығынды 90 мың теңгеге бағалаған. Орын алған қылмыс жайлы кеш хабарланғанына қарамастан полиция қызметкерлері жедел қимылдап, қылмысты топты қолға түсірді.

Белгілі болғандай, автомеханика колледжінің жоғары курста оқитын екі оқушысы түнгі мезгілде ұрлық жасауды кәсіптеріне айналдырып алыпты. Олар өздеріне көмекші ретінде «Заман» колледжінде оқитын тағы оқушыны тартқан. Қолға түскен жастар тергеу кезінде тағы екі «Барыс» аккумуляторын қолды қылғандарын мойындаған. Ал 4-нен 5-ші желтоқсанға қараған түнде бұзақылар ВАЗ-2104 жеңіл көлігінің «Гардиент» маркалы екі қысқы доңғалақтарын шешіп алған. Қазір бұл жастардың басқа қылмыстарға қатыстары бар-жоқтығы анықталып жатыр.

"Бір апта ішінде Семей қалалық ІІБ-ның жол-патрульдік ротасының инспекторлары 8 қылмысты ізін суытпай ашып, жол қозғалысы ережелерін бұзудың 166 фактісін анықтаған.Олардың ішінде 66 жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс асырғандары үшін жауапқа тартылды. 5 жүргізушіге мас кезінде көлік басқарды деген айып тағылған. Сонымен қатар жол қозғалысы ережелерін сақтамаған 40 жаяу жүргінші әкімшілік жауапқа тартылды", дейді ШҚ облыстық әкімшілік полициясы басқармасының аға инспекторы Айгүл Атудинова.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив