KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 5 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

"Алтай" 16 ұпай жинап, турнир кестесінде тағы бір сатыға жоғарылады

14.05.2018, 04:33 132

«Алтай» екінші орында. Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел чемпионатының кезекті турында қонақта «Екібастұз» командасын 0:4 есебімен ойсырата жеңген семейлік ұжым 16 ұпай жинап, турнир кестесінде тағы бір сатыға жоғарылады.


Әзірге жерлестеріміз көш басындағы шымкенттік «Қыраннан» алты ұпайға қалып тұр. Келесі турда Сергей Тимофеевтің шәкірттері өз алаңында өкшесін басып келетін Көкшетаудың «Оқжетпесін» қабылдайтын болады. Бұл матч 19 мамыр, сенбі күні ойналады деп жоспарлануда.


Ал Екібастұз қаласында өткен кездесудің тағдыры алғашқы жарты сағатта-ақ шешіліп қойды. Бұл ойындағы есепті кездесудің 17-ші минутында жартылай қорғаушы Владимир Вяткин ашса, төрт минуттан кейін Константин Заречный екінші гол авторы атанды.

Ал үзілістен кейін бір-бір мәрте көзге түскен Арман Нүсіп пен Жандос Сұлтан таблодағы есепті 0:4-ке дейін жеткізді. Бұл есеп ойын соңына дейін өзгерген жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив