KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОБ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Өскеменнің тұрғыны көршісін өрттен алып шықты

11.05.2018, 11:05 124

7 мамыр күні сағат 24:00 шамасында  Протозанов көшесінің бойындағы төрт қабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерден өрт шықты. Пәтер үшінші қабатта орналасқан. Жатын бөлмедегі төсек-орын бұйымдары жанған екен. Өрт сөндірушілер келгенге дейін осы үйдің тұрғындарының бірі Павел Качесов өрт шыққан пәтерден 65-жасар ер адамды алып шықты.


Болған жағдайдың анық-қанығы мен Павел Качесовтың батыл әрекеті туралы үйдің басқа тұрғындарының айтуынан белгілі болды.


Сол күні Павел түнге дейін теледидар көріп отырыпты. Кенет түтіннің иісін сезіп қалып, әйелін оятады. Бұдан кейін көршілерін аралап, басқа тұрғындарға да хабар береді. Үшінші қабатқа көтерілген Павел пәтерлердің бірінен шығып тұрған қою түтінді байқап, жоғарыдағы пәтердің балконы арқылы үшінші қабатқа түседі. Сулы орамалмен оранып алып, балконның терезесін шағып, ішке кірген. Бөлмелердің бірінен ер адамды тауып алып, балконға шығарады. Артынан кіре беріс есікті ашып, оны сыртқа алып шығады.


Құтқарылған тұрғынды дәрігерлер қарап, өрттен зардап шекпегенін анықтады. Ал өрттің шығуына жастыққа құлап кеткен электрлі жылытқыш себеп болған.


Павел Качесов болса өте сыпайы адам екен. Оның ерлік ісі туралы көршілері айтып, жеткізбесе, ешкім де білмей қалар еді. Павел 33 жаста, мамандығы - электрші, «АЗИЯ АВТО» АҚ-да жұмыс істейді.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив