KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
488.91 532.62 5

Семейлік каратэші бала Швейцариядан жүлде әкелді

8.05.2018, 02:38 170

Швейцарияның Штанс қаласында  өткен «Swiss open-2018» халықаралық жарысында бақ сынаған семейлік Тимур Құлсейітов үздіктер қатарынан көрінді.


Еуропадағы ең ауқымды, әрі беделді сайыстардың бірі саналатын бәсекеге 15 елден 350-ге жуық спортшы қатысқан болатын. Жарыста ересектермен қатар, балалар мен жасөспірімдер де өз мүмкіндіктерін байқап көрді. Сондай спортшылардың бірі семейлік Тимур Құлсейітов болды. Ол 11-12 жас аралығындағы салмағы 39 келіден аспайтын каратэшілер бәсекесіне қатысып, барлығы үш кездесу өткізді. Алғашқы жекпе-жектерінде Германия мен Украина спортшыларын айқын басымдықпен жеңген Тимур бұдан кейінгі кездесуінде мажарстандық қарсыласына жол беріп, жарыстың қола жүлдегері атанды.


Облыстық шинкиокушинкай каратэ федерациясы қоғамдық бірлестігі филиалының басшысы Жанболат Тоқсанбаевтың мәлімдеуінше, бұл Тимурдың халықаралық жарыстардағы алғашқы ірі жетістігі болыпты.


Жалпы, Швейцария жеріндегі бәсекеге ел құрамасы 11 спортшы апарса, олардың бесеуі біздің жерлестер болғанын айта кеткен орынды. Халықаралық турнирде қазақстандық каратэшілер үш алтын, екі күміс және бір қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте алдыңғы қатардан көрінді.


Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлағандай, енді каратэшілеріміз маусымның 19 күні Жапония астанасы Токиода жалауын желбірететін Әлем чемпионатына жол тартпақ. Бұл додаға біздің облыстың атынан 20 спортшы барады деп күтілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив