KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 2 м/с, С
443.35 475.54 4.82

Өскеменге Алматыдан трамвайлар жіберілді

7.05.2018, 08:42 191

Кеше Алматының ескі трамвайлары Өскеменге жөнелтілді. Таңертең Алматыдан шығар жолдан трамвай-гармошкалар тиелген автотасығыштар байқалып қалған. Біздің қалаға бұл жүк 5-6 күннің ішінде жеткізіледі екен.


Өскемен қалалық әкімдігінің ақпараты бойынша, жолға бес трамвай вагоны жіберіліп отыр. Олардың әрқайсының салмағы 22 тонна болады. «Алматыэлектротранс» ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы Михаил Чайканың хабарлауынша, автотасығыштар 20 шақырым/сағат жылдамдықпен қозғалады. Сол себепті 1200 шақырымдық жол бірнеше күнге созылмақ.


Демек, облыс орталығына трамвайлар келесі аптаның соңына қарай жетеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив