KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
478.93 534.96 5.16

Автомобильге мемлекеттік нөмірді таңдауға болады

5.05.2018, 14:07 156

Осы жылы мамандандырылған ХҚКО-да жаңа қызмет түрі іске қосылмақ. Ол автокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін таңдауға мүмкіндік береді.


-ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңісбаев 2018 жылдың соңына дейін мамандандырылған ХҚКО-да автокөліктерге арналған кез келген мемлекеттік нөмірлі белгілерді таңдау мүмкіндігі ұсынылатыны туралы айтты, - деп хабарлайды  ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің баспасөз қызметі  facebook-тегі ресми парақшасында.


Дегенмен, бұл тізімге мемлекеттік баж қарастырылған жоғары сұранысқа ие нөмірлер кірмейді екен.


ШҚО-да бүгінгі таңда бір ғана мамандандырылған ХҚКО қызмет көрсетуде. Ол Семей ұаласында орналасқан. Ал облыс орталығы Өскемен қаласында мұндай құрылымды құруға бірнеше жыл қатарынан тырысып бағуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив