KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 6 м/с, С
471.83 505.66 5.4

Семейде Қазақстан халықтары Бірлігі күні мерекеленді

1.05.2018, 09:39 144

Семейде Қазақстан халықтарының бірлігі күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтілуде.  Қаланың Орталық алаңында қала әкімі Ермак Сәлімов барша жұртты айтулы мерекемен құттықтап, Семейде мекен ететін ұлттар мен ұлыстарға бірлік пен татулық, ынтымақ тіледі.



Бұдан кейін мерекелік шара Қымызмұрындық мерекесіне жалғасып, қала тұрғындары мен қонақтарына саумал қымыз, бесті қымыз түрлері ұсынылды.


  -  Берісі 700 литр, арысы 1000 литр қымыз ішілді, - деді Семейдегі мұсылман әйелдер одағының төрайымы Гүлжиһан Жұматаева.

Орталық алаңда халық назарына «Ынтымақ. Байлық. Келісім. Ең басты байлық ел үшін» атты  қалалық Мәдениет үйі, Достық үйінің түрлі этно мәдени орталықтарымен ұйымдастырылған концерттік бағдарлама ұсынылды. Семейдің кітапхана, музейлері бұл күні ел назарына «Ашық есік күн» мәдени бағдарламасын ұйымдастырды. Сондай-ақ, түстен кейін Орталық мәдени саябақта «Берекелі бейбіт ел» атты концерттік бағдарлама өткізілмек.



- Кез келген ұлттың салт-дәстүрі бар, олардың барлығы да бауырмалдықты насихаттайды,-деді мерекеге  қатысушы татар мәдени орталығының төрайымы Камилия Исмаилова,- Тәуелсіздік алғаннан бері көптеген салт-дәстүріміз, ұлттық мерекелеріміз  қайта оралды. Татарлардың «Сабантойы», Шығыс халықының «Наурызы» немесе осындай «Қымызмұрындық» мерекелері ел бірлігінің дәлелі дей аламын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив