KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 2 м/с, З
481.19 538.45 5.18

Республикалық Бітібаева олимпиадасының алауы жағылды

26.04.2018, 12:18 165

Өскеменде Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың алауы жағылды. 2015 жылдан бастап жыл сайын өтіп келе жатқан аты аңызға айналған ұстаздың атындағы білім додасына еліміздің әр түкпірінен ғана емес, Қытай, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Ресей, Қырғызстан мен Өзбекстаннан да оқушылар мен ұстаздар келді.


Ең алдымен құттықтау сөзді «EDTECH-KZ» Халықаралық білім орталығының бас директоры, ЮНЕСКО Клубының вице-президенті, Қанипа Омарғалиқызының рухани досы ҒаниБейсембаев алды.


- Сахнаға шығып, Қанипа апайдың осындай үлкен іс-шарасында сөз сөйлеудің өзі оңай емес. Көз алдымда Қанипа апайдың өзі тұрғандай толғанып, толқып тұрған жайым бар, - деп, ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан және Азия-Тынық мұхиты федерациясының президенті, ҚР энергетика вице-министрі Болат  Ақшолақовтың құттықтауын жиналған қауымға оқып берді.


Сондай-ақ, Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының зертхана меңгерушісі Зәуре Аманова мен облыстық білім басқармасының өкілі Жанар Исламова да құттықтау сөз сөйлеп, олимпиадаға қатысушыларға жеңіс тіледі.


Олимпиадаға еліміздің білім беру ұйымдарынан аймақтық іріктеуден өткен 200-ден астам 9-11 сынып оқушылары қатысып жатыр.


[su_slider source="media: 30000,30001,30002,30003,30004,30005,30006"]


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив