KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
475.18 510.72 5.47

Қабатов қағытқан ұландықтардың ұнжырғасы неге түсіп жүр?

25.04.2018, 03:45 254

Былтырғы мамыр айында «Әзіл әлемі» театрының кезекті шығарылымында Тұрсынбек Қабатов ел әскері туралы ащы шындықты жайып салды, деп хабарлайды Qamshy.kz.



Тұрсынбек Қабатовтың халық алдында көзбе-көз айтқанын сөзбе-сөз келтірсек, былай:



«Баяғыда сарбаздар адымдағанда кәдімгідей жерді қопарып келе жататын. Ал анау үшеуін қарасаң, көшеде, коттедждердің, қораның артында бірінің артынан бірі, өз аяқтарына өздері сүрініп кетіп бара жатады. Үшеуінің не істеп жүргендерін білмейсің. Үстеріндегі киімдері өздерінен он есе үлкен. Қыста киетін дубленкаларын көрсең... Ол дубленка ішінде сарбаздың өзі айналып тұрса да қозғалмайды ғой. Үшеуін мазақтап қашып кетсең, өз киімін өзі әзер арқалап жүрген олар сені қуып жете алмайды да. Әй, соларға неғып бір размермен киім беріп қоймайды?! Мен соны түсінбеймін. Аналарға қарап, қазір ешкім сарбаз боламын деп айтпайды. Түрлеріне қарасаң, солардың өздері де сарбаз болғысы келіп тұрған жоқ-ау деймін. Мысалы, шетелдің сарбазын, полицейін көрсең, солармен суретке түскің келіп тұрады. Шынын айтсам, біздегі анау үшеуімен ешкім суретке түскісі келмейді. Шетелден келген қонақтар оларды көрсе, «Сарбаздарының түрі осы ма?», – дейді ғой. Оларды көрген ата-ана іштерінен: «Құрығыр, балам әскерге барып, осылай тұрмаса екен», – деп тілеп бара жататын шығар», – дейді «Әзіл әлемі» театрының жетекшісі.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив