KZ
Өскемен
-3°
туман жел 1 м/с, С
485.04 525.98 5.04

Өскеменде полицейлерден жасырынбақ болған ер адам бесінші қабаттан құлап кетті

20.04.2018, 12:45 103

19 сәуір күні сағат 16:00 шамасында Өскемен қаласының тұрғындарынан «102» арнасына хабарлама келіп түскен. Олар Орджоникидзе көшесі, 51 мекен-жайы бойынша орналасқан тұрғын үйдің бесінші қабатындағы көршілерінің тыныштықты бұзғанын айтып, шағымданыпты. Бұл оқиға туралы ШҚО Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлап отыр.


Аталған мекен-жай бойынша келіп жеткен полиция қызметкерлері пәтердің есігін қағады. Пәтерде өтіп жатқан думандағы қонақтардың бірі полицейлерден қашып, жасырынып қалмақ болып, балконнан құлап кеткен екен.



Оқиға орнына жедел жәрдем шақыртылып, 34 жасар ер адам 1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Оның өте көп мөлшерде ішімдік ішкені анықталды.


Оқиғаны өз көзімен көрген адамдардың сөзіне сүйенсек, екі ер адам балконға шығып, төмен қарай түсе бастайды. Олардың біреуі құлап кетеді, ал екіншісін полицейлер дер кезінде балконға қайтарып, аман алып қалған.


Бесінші қабаттан құлаған ер адамның қазіргі жағдайы белгісіз. Аурухана қызметкерлері бұл пациент туралы әзірше тіс жармай отыр. Ал,  аман қалған 33 жастағы екінші жігіт ауруханаға жатудан бас тартқан екен.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив