KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Бобровка тұрғындарының жағдайы қала әкімінің тікелей бақылауында тұр

19.04.2018, 10:42 324

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов Бобровка саяжай кооперативіне қарайтын елді-мекенннің тұрғындарымен тағы бір мәрте кездесті. Әкімнің айтуынша, мұнда тұрғындар мен жергілікті атқару биліктен құралған комиссия құрылған. Халықтың жағдайымен танысып, жұмыс жүргізіп жатыр. Бобровка ғана емес, Мирный, Пристань кенттеріндегі проблемаларды да басты назарда ұстап отыр.



 -Біреулер айтып жатыр, қолдарымызға ақша беріңіздер, сіздерді күтіп отырамыз ба, өзіміз су шайған үйді өзіміз жөндеп аламыз деп, - деді қала әкімі Ермак Сәлімов,- Бірақ бұл заңға сәйкес келмейді. Біз, міне, құрылысшыларды таптық. Олар ертеңнен бастап кіріседі. Нақты айтқанда, «Городорстрой» мен «Сәт» құрылыс компаниясы осы іске мұрындық болады. Бобровкадағы саяжай үйлері бұл тұрғын үй емес, өздеріңіз білесіздер. Көбі қыста тұруға арналмаған. Сондықтан оларды дұрыстап жөндеу керек. Ешкім де үйсіз-күйсіз қалмайды. Тіпті, тұрмыстық техникамен де көмектесеміз. Сіздер үшін арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр, оның төрағасы мен, әкімдеріңіз. Құрылысшыларға бір ай ішінде үйді жөндеуді тапсырып жатырмыз.

Ерлан есімді тұрғын «маған құрылысшы керек емес, өзім құрылысшымын, салып аламын» деп еді, әкім оған:


 -Құрылысшылар сіздерге ертең барады, көреді, үйіңізді салып береді. Сол кезде сіз басшылық жасап жүресіз. Сапасын қарайсыздар. Тексересіздер. Басқа жолы жоқ,- деп жауап берді.

Естеріңізге сала кетсек, Ертіс суы жайлаған Бобровка кентінің тұрғындарымен кездескен  қала әкімі Ермак Сәлімов оларға отын мен көмірді де қалайда жеткізуді тапсырған еді. Су жайлаған сәтте екі күн бойы Бобровка кентінде болып, бұл жердегі жағдайды қадағалауды басты назарына алған.  Кейбір адамдарға суық тиіп, сырқаттанып қалғандықтан дәрі-дәрмекті жеткізуді де, дәрігерлердің қарауын да тапсырды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив