KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
492.22 529.38 5.03

Бас жүлде өскемендіктерге бұйырды

19.04.2018, 09:39 177

Зайсан қаласында осымен 13-ші рет волейболдан қыздар арасындағы Жұлдыз Абышеваны еске алуға арналған дәстүрлі турнир өтті.

Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімі Темірбек Қасымжанов пен марқұмның туыстары қатысып, командаларға сәттілік тіледі.


Облыстық деңгейде ұйымдастырылатын жарысқа биыл зайсандықтардан бөлек, Өскемен мен Семей қалаларынан, сондай-ақ Жарма, Күршім, Тарбағатай және Ұлан аудандарынан келген барлығы 15 команда қатысты.

Аса тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша тұғырдың ең жоғары сатысына Өскемен қаласының құрама командасы көтерілді. Жүлделі екінші орынға зайсандық волейболшы ие болса, үздік үштікті Семейден келген команда түйіндеді.

Жарыс жеңімпаздары арнайы грамоталарымен, сондай-ақ медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив