KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 1,6 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Бірыңғай байланыс орталығы күршімдіктерге де тиімді

19.04.2018, 08:36 192

Күршім ауданы әкімінің сайтында аймақта азаматтардың өтініштерін қабылдау үшін Шығыс Қазақстан облысының бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істеуде екендігі хабарланған. Бұл ШҚО тұрғындарына ақпараттық-анықтамалық сипаттағы кеңес беру және мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты мәселелерді жедел шешуге көмек көрсету бойынша әлеуметтік жоба.


Байланыс орталығының мамандары мәселенің егжей-тегжейлі қарап, қандай ведомствоға жүгіну қажеттігін түсіндіреді, сауатты түрде жазылған сұрау жасауға және оның қаралуын бақылайды. Орталықтың ерекшелігі – әрбір өтініш бізде бақылауда тұрады және де өтініш берген адам ведомстволарға бармай-ақ өзін толғандырған мәселені шешу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, азаматтарға байланыс орталығына аймақта қалыптасқан тасқыннан болуы себепті келтірілген өтемақы мәселелері бойынша байланыс орталығына жүгінуге болады.


Сайттағы мәліметке жүгінсек, бүгінгі күнге дейін 800-ден аса азамат осы мүмкіндікті пайдаланып, байланыс орталығының көмегімен мәселелерін шешуде. Сондықтан да аудан тұрғындарының да байланыс орталығына жүгінулеріне болады. 1331 жедел желі телефонына қоңырау облыстың кез келген елді мекенінен үй телефонынан қабылданады. Сонымен қатар, 1331.kz сайтында, 8-771-202-20-02 нөміріндегі WhatsАpр ұялы қосымшасы арқылы, contact-vko@e-vko.kz электронды поштасы бойынша, @contact_centre_vko инстаграмына харласу мүмкіндік бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив