KZ
Өскемен
+3°
туман жел 1 м/с, ОШ
488.91 532.62 5

Зырян ауданында көпір қирап қалды

15.04.2018, 09:02 206

Зырян ауданындағы Крестовка өзені арқылы өтетін көпір жартылай қирап қалды. Осыған байланысты Зырян-Алтайка тасжолын жауып тастаған еді.


Көпірдің бір жағы жарты метрдей құлап кеткен. Оған даладан ұзақ уақыт толассыз аққан қарғын судың жолды басып өтуі себеп болған деседі жергілікті тұрғындар. Төменірек орналасқан Крестовкаға қарай ылдилаған су көпірдің бір бөлігін шайып кетіпті.


Өзеннің арғы жағында бірнеше ауыл орналасқан. Атап айтқанда, Чапаево, Никольск, Пролетарка, Крестовка, Орловка, Бородино, Алтайка, Кремнюха ауылдарының тұрғындары аудан орталығынан оқшауланып қалыпты. Дала арқылы айналып, Зырянға өтетін жолдың күйі де дәл қазіргі уақытта өте нашар көрінеді.


Жол қызметі көпірдің жанынан айналма жол жасауды жоспарлап отыр. Бұл жағдай Зырян ауданының әкімі Нұржан Тоқсейітовтің бақылауына алынды.


[su_slider source="media: 28595,28598,28597,28596,28599,28593,28594"]

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив