KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 1 м/с, СШ
443.16 480.39 4.94

Ұстаздың ұлы Дайыр ауылындағы мектепке сый жасады

13.04.2018, 05:19 167

Дайыр ауылындағы Мүкәрама атындағы орта мектебінде Қазақ ССР Оқу ісінің үздігі Әділбек Қоңырханов атындағы математика кабинеті ашылды. Марқұм ұстаздың ұлы Аманжол Әділбекұлы кезінде әкесі қызмет еткен білім ошағының бір кабинетін заманауи талаптарға сай жабдықтап берді.


«Менің мектебім» акциясының аясында үш миллион теңге бөліп, кабинетті жөндеп берген Аманжол Әділбекұлына жерлестері дән риза. Математика кабинеті жаңа технологияларды пайдаланып, сабақ өткізуге лайықталған. Мұнда пәндік формулалар жазылған үлкен көрнекілік тақтайша мен басқа да қажетті заттар түгелдей дерлік бар. Бөлме кең, жарық. Ең бастысы, оқушыларға ыңғайлы.


Кабинеттің ашылуына аудан әкімі Темірбек Қасымжанов, аудандық мәслихат хатшысы Дәулет Ыдырышев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Зумрад Дүйсенбаева мен қарияның ұрпақтары, тұрғындар қатысты. Ақсақалдың көзін көрген Нұрбек Бейсенов, Кәметай Абзалиева, Айгүл Жұмаділова ол кісі жайында естелік айтты. Ұлы Аманжол қара шаңыраққа алдағы уақытта да қолғабыс жасай беретінін тілге тиек етті

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив