KZ
Өскемен
+25°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОБ
450.79 482.21 5.05

Зайсандағы Жарлы өзенінің жағалауы талдан тоқылған көріктермен бекітілді

22.03.2013, 18:00 123


Зайсан ауданында көктемгі тасқынның алдын алу бойынша ауқымды істер атқарылуда. Елді мекендерде сенбіліктер ұйымдастырылып, талдан көріктер тоқылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Дайыр ауылындағы сенбілікке ауданның барлық мекемелері мен ұжымдарынан, қала және ауыл округтерінен 157 адам қатысты. Олар күні бұрын дайындалған талдардан көріктер тоқыды. Бұл көріктер ішіне тас толтырылып, бөген ретінде Жарлы өзенінің бойындағы қауіпті жерлерге қойылады. Қауіпті аймақта жиырмадай отбасы тұрады.

Аудан әкімінің орынбасары Д.Тожыбаев, аудандық мәслихат хатшысы Д.Ыдырышев бастаған жұмыскерлер көрік тоқуда белсенділік байқатып, ортақ істің ортасынан табылды. Ал Дайыр, Қаратал ауылдарының әкімдері қатысушыларды ыстық аспен қамтамасыз етті. Сондай-ақ түсте жұмысшылар Дайыр тойханасында
әзірленген дастарқанда наурыз көжеден дәм татты.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив