KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Өскемендегі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары сапасыз жасалған

12.04.2018, 11:10 233

Космическая, 8 мекенжайындағы көп-пәтерлі тұрғын үйдің тұрғындары осыдан бес жыл бұрын мемлекеттік бағдарламамен үйлеріне күрделі жөндеу жүргізіп, шатырын жаңалап, басқа да тозған тұстарын жамап, жасқатып, көңілдері бір жайланып қалған болатын.


Қуаныштары көпке созылмады. Сапасыз жұмыстың салдарынан бұл үйдің төбесінен әлі де су сорғалап тұр. Осы үйде тұратын зейнеткер Любовь Семенова жөндеуге кеткен қаржы несиесін әлдеқашан қайтарыпты. Бірақ төбеден тамшылап тұрған су сол беті тиылмаған. Жөндеу сапасыз жүргізілгендіктен бұл үйдің тұрғындарының тең жартысы жөндеуге кеткен қаржыны қайтармай жүр.

Облыстық «Тұрғын үй пайдалану басқармасы» ЖШС маманы Елена Нагайцева қалада бағдарлама бойынша қайта жаңғыртылған үйдің 57-сі, облыста 100 шақтысы сапасыз жөнделгенін айтады.


Қазір облыста бағдарлама бойынша жөндеу жүргізуге 175 көппәтерлі тұрғын үй, соның ішінде Өскеменде 105 үй кезекте тұр. Бәрінің де ішкі инженерлік құрылымдарын, шатырларын жөндеу қажет.


- 60 пәтерлі бір тұрғын үйдің төбе жабындысын жөндеу үшін әр пәтер иесінен кемінде 50 мың теңге ақша жинау керек. Көбінің басында несиесі, ипотекасы бар тұрғындар бұл қаржының жартысын да бірден бере алатын жағдайы жоқ. Тұрғын үйлердің аса қатты тозып, қауіп төндіріп тұрған тұстары - үйдің щиттік электр сымдары, шатырдағы электр сымдары мен төбе жабындылары, - дейді Өскемен қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Фархат Жилибаев.


Қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі тұрғындармен байланыста болуы үшін бөлімнің ақпараттық порталын ашып ( http://kdmyk.kz.) отыр. Порталдан тұрғындар үй алу кезегіне, ПИК жұмысына, үйлердің жағдайына қатысты барлық ақпаратты көре алады. Тұрғындар сайт маманына өз сауалдарын да қоюға болады, тел: 26-22-80.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив