KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 3 м/с, З
441.44 473.09 4.75

Карл Маркс даңғылы Қазыбек би болып қайта аталады

11.04.2018, 11:10 107

Өскемен қаласының 19 тұрғын ауданындағы Карл Маркс даңғылы Қазыбек би даңғылы болып қайта аталды. Бұл жаңалық облыстық қоғамдық кеңестің кезекті рет өткен мәжілісінде белгілі болды. Сондай-ақ, облыс орталығындағы бірқатар атаусыз көшелерге жаңадан ат беріледі. Бұған қоса Бородулиха, Ұлан аудандарындағы елді мекендерге бұрынғы тарихи атаулары қайтарылатын болды.


Кеңес мүшелерінің алдында облыстық мәслихаттың және облыс әкімдігінің осыған қатысты бірлескен шешімі мен қаулы жобасын облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Роза Төлемісова таныстырды.


Оның айтуынша, Өскемен қаласы бойынша Мельзавод тұрғын үйі маңындағы №1 көше – Ақтоған, Менавное ауылына айналма автокөлік жолы маңындағы №1 көше – Керуен, №2 көше – Шұғыла, №3 көше – Саялы, №4 көше – Ақниет, №5 көше – Ынтымақ, №6 көше – Көкжиек болып аталады. Ал Высоковольтная 57 көшесі маңындағы №1 көше – Орманды, №2 көше – Шиелі, №3 көше – Шуақты, №4 көше – Керемет, №5 көше – Рауан, №6 көше – Ақбұлақ деген атауларға ие болды.


Сонымен қатар А.Күленов атындағы 16 тұрғын аудандағы №1 көше – Жоталы, Бастау көшесі маңындағы №1 көше – Қайнар, 19 және 20 тұрғын аудандар арасындағы №1 даңғыл – Бейбітшілік даңғылы, 23 тұрғын аудандағы №1 көше – Бостандық, Ахмер ауылындағы №1 көше – Жаңажол, №2 көше – Күнбатыс, №3 көше – Өрнек болып өзгерді.


Сондай-ақ, облыстың Бородулиха ауданына қарасты Степное ауылдық округінің Вознесеновка ауылы – Қызылтай, Жаңашүлбі ауылдық округінің Пролетарка ауылы – Ақши ауылы болып ауыстырылды. Ал Ұлан ауданының Алмасай ауылдық округінің 17 шақырым ауылы – Сарыөзек ауылы болып қайта аталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив