Семейде World Skills Shygys-2018 сайысы мәреге жетті
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бастау алған халықаралық World Skills Shygys-2018 сайысының Семейдегі облыстық кезеңі де аяқталды. Қатысушылар бірнеше күннен бері Семей машина жасау зауытында түрлі бәсекелерден сынға түсті.
Салтанатты шарада Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Байжанова облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың арнайы марапат қағазын сайысты ұйымдастыруға белсене атсалысқан Семей машина жасау зауыты АҚ-ының директоры Нұрлан Омаровқа табыстады.
[su_slider source="media: 27842,27846,27847,27843,27845"]
Сондай-ақ, Семейдегі көптеген кәсіпорындар мен шағын кәсіпкерлік жетекшілері де осы сайысты облыстық деңігейде ұйымдастыруға ниет білдіргендіктері үшін мақтау қағаздарымен марапатталды. Ал World Skills Shygys-2018 бойынша мәселен, «Флористика» саласынан бірінші орынға Жадыра Мұхаматеқалиева ие болды. «Нан пісіруші» Елена Бородулина, «Аспаз ісінен» Сергей Шинко аталып және тағы да басқа жүздеген жастар өз салалары бойынша алға озып шықты.
World Skills Shygys-2018 сайысының қортындысында жастар «Дәнекерлеуші», «Құрастырушы», «Киім үлгілерінің дизайнері», «Шаштараз» мамандықтарын еркін меңгергендіктерін көрсете білді. Жеңіске жеткендерді республикалық World Skills Kazakhstan-2018 жобасының менеджері Анар Тлеумағамбетова құттықтап, Ұлттық чемпионатқа жолдама алғандарға сәт-сапар мен игі табыстар тіледі.