KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 3 м/с, С
479.71 533.77 5.16

Семейде «WorldSkills Shygys 2018» аймақтық чемпионаты басталды

4.04.2018, 04:18 226

Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театрында Шығыс Қазақтан облысындағы жұмысшы мамандықтарына дайындайтын колледждер арасында WorldSkills Shygys облыстық чемпионаты бастау алды. Театр іші бір сәтте түрлі сала бойынша мамандық игеріп жатқан арманшыл жастарға толды.


Қатысушыларды ең алдымен Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтың атынан әкім орынбасары Әсем Нүсіпова құттықтады.


-Айта кету керек, бұл сайыс жыл сайын біздің облыста кеңінен қанат жайып келеді,-деді облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова,-мәселен, 2016 жылы WorldSkills сайысы жеті ғана сала бойынша өткізілсе, 2017 жылы он бір сала бойынша қолға алынды. Ал, биыл міне, 31 саланы қамтып отырмыз. Біздің өңірде жұмысшы жастар дайындайтын мүмкіндік зор. Әрине, колледждердің 85 пайызы толық жұмысқа орналасып кетеді. Әсіресе, құрылысшы, шаштараз, кондитер, ауылшаруашылық мамандарына деген сұраныс жоғары. Өткен жылы КазЦИНК-пен келісімшарт бекіттік. Сөйтіп жастар оқи жүріп, ірі кәсіпорындарды еңбек ете алды. Биыл осы сайыс Семей машина жасау зауытының негізінде ұйымдастырылып отыр. Балалар өздері керекті мамандықты оқып жатқандықтарын сезіну керек. Сөйтіп, республикалық сайысқа жолдама алған кезде тың дайындықта болады. Әрине, былтыр халықаралық деңгейге дейін көтерілгендер бар. Бірақ, ағылшын тілін еркін білмеуі оларға біршама кедергі болды. Біз әлі де жастарымызды осындай арқалы жиындарға талпындырамыз, олардың түрлі сайыстарға белсене қатысуына ықпал етеміз.


-Бұл облыстық білім басқармасының тікелей ұйымдастыруымен қолға алынған шаруа,-деді Шығыс Қазақстан облыстық техникалық және кәсіптік білім беру және мамандарды даярлау орталығының директоры Ришат Рамазанов,- Бүгінгі шараға облыстан 35 колледж және бір кәсіпорын қатысып отыр. 31 бағыт бойынша колледждер сайысады. WorldSkills бұл әлемдік қозғалыс, Еуропада пайда болған. Соғыстың соңғы жылдары елде маман тапшы болып, жұмысшыларды оқытып, үйрету керек болған кезде осы WorldSkills бағдарламасы қолға алынды.


Жеңіл көліктерді жөндеу саласы бойынша сайысқа қатысушыларды сараптаушы Дмитрий Колмаков Риддер аграрлы техникалық колледжінің оқытушысы екен. Оның сөзінше, көліктерді ең алдымен компьютерлік диагностикадан өткізуді білу керек. Екіншіден, жеңіл автокөліктің қорабын тексеріп, шашып, қайта жинап үйрену керек. Бұлардың барлығы қатысушы жастарға қойылатын талаптар.



Сайысты ұйымдастыруға белсене атсалушылардың бірі Семей машина жасау зауыты АҚ-ының директоры Нұрлан Омаровтың айтуынша, осы жобаны қолдаудағы негізгі мақсат студент-жастарды кәсібилікке баулу, халықаралық талаптармен таныстыру арқылы аймақтың экономикалық дамуына жұмысшы жастарды тарту болып табылады.


Чемпионатқа қатысушылар кәсіби шеберлік тәжірибесін кеңейтуге, халықаралық деңгейдегі оқыту технологиялары және жаңа кәсіби стандарттармен танысуға мүмкіндік алмақшы. Сайысқа 18-22 жас аралығындағы ШҚО ТжКББ жүйесі оқу орындарының студенттері және жұмыс істейтін жастары чемпионатқа қатысып отыр.  Чемпионат қорытындысында WorldSkills чемпионатының барлық деңгейі бойынша даярланудың іс-әрекет алгоритмдері құрылатын болмақ. Жеңіске жеткендері ресспубликалық, халықаралық сайыстарға жолдама алады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив