KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 2 м/с, З
478.16 534.92 5.18

Шығыстың жастары World Skills Shygys-2018 сайысына белсене атсалысуда

4.04.2018, 08:38 125

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бастау алған халықаралық World Skills Shygys-2018 сайысы бүгін Семей машина жасау зауытында жалғасын тапты. Сайысты ұйымдастыруға белсене атсалушылардың бірі Семей машина жасау зауыты АҚ-ының директоры Нұрлан Омаровтың айтуынша, мұндай шараларға кәсіпорындарымыз қолдау білдіргені жөн. Себебі қазірде шығарылып жатқан өнімдеріміз шетелдерге де сатылып жатыр. Сондықтан нарық заңдылығында кез келген тауардың сұранысы талапқа сай болу керек. Ол үшін жоғары білікті мамандар қажет.


-Бүгін осынау World Skills Shygys-2018 сайысы барысында жастар «Дәнекерлеуші», «Құрастырушы», «Киім үлгілерінің дизайнері», «Шаштараз», «Аспаз» мамандықтарын еркін меңгергендіктерін көрсетеді,-деді облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсүпова,-сарапшылар ішінде «СемАЗ» ЖШС-і, «Азимут» ЖШС-і, «Парасат Энерго» ЖШС-і, «Қазақтелеком» АҚ сияқты көптеген кәсіпорындардың білікті мамандары бар. Бұларда жастарымыздың да жұмыс істеп жүргендігін айта кету керек. Себебі, білімді әрі өнерлі, талантты болу кез келген жастың талаптануына байланысты дүние.

Сонымен сайыс сәуірдің 5-іне дейін жалғасады. Жеңіске жеткендері World Skills Kazakhstan-2018 Ұлттық чемпионатына жолдама алады.


[su_slider source="media: 27679,27680,27681,27682,27683,27684,27685,27686"]

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив