KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
443.44 480.51 4.88

Өскеменде «маймыл» мен оның сыбайластары дүкенді тонап кетті

12.03.2012, 18:00 101


Жақында ШҚО ІІД жедел басқару орталығына қаланың орталығында орналасқан дүкендердің бірінің сатушысы телефон соқты.

Әйел дүкенді тонан әкеткенін, ал өзін қоймада бекітіп тастағанын хабарлады. Өзін жіптерден босатқан ол полиция қызметімен хабарласып, көмекке шақырды.

Әйелдің айтуынша, кешке дүкенге үш жігіт кірді - олардың екеуі трикотаж бетперделерін, үшіншісі - маймылдың маскасын киіп алған. Тонаушылар кассадан 25 мың теңге, жеті блок темекі, 25 плитка шоколадты алып кетті. Одан кейін оның ұялы телефонын талап етіп, өзін қоймаға жауып кетті. Үшеуі де қара түсті кеудеше киіп алған.

«Жедел-іздестіру шараларының барысында қылмыстық полиция қызметкерлері тонаушыларды келесі күні қолға түсірді. Қазіргі кезде олар тергеу абақтысында отыр, қылмыстық іс қозғалды», - деп түсінік берді ШҚО ІІД ҚПБ-ның мүліктік қылмыстарды ашу бойынша бөлім бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Дәурен Мұқанов.

ktk.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив