KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 3,5 м/с, В
485.11 523.82 5.02

Семейлік жастар тасқыннан зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіруде

3.04.2018, 06:36 123

Қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен Семейдегі жоғары оқу орындары мен колледж студенттері сенбілікке шықты. Олардың мақсаты – қызыл судың залалы тиген аудандарды қалпына келтіру. Бұл жұмыстарға шамамен 100-ден аса студент қатысуға ниет танытыпты.


-Түйемойнақ аралында 50-ден астам студент жұмыс істеп жатыр. Олардың арасында Р. Байсейітов атындағы қаржы-экономикалық, сондай-ақ көлік және электротехникалық колледждерінің белсенді жастары бар. Сол секілді индустрия-технология колледжінің студенттеріде бұған өз үлестерін қосуда. Мұнда жастар тұрғындардың үйлері мен аулаларын реттеуге көмектерін созбақ, - деген Семей қаласы Жастар ресурстық орталығының директоры Олжас Соғымбай, бұл бағыттағы жұмыстар бір күнмен тоқтамайтынын айтып, топан судың кесірі тиген өзге аудандарда да жалғасатынын тілге тиек етті.

Бұған қоса шаһар жастары камқөңіл жандарға гуманитарлық көмекті де көрсетуді жоспарлап отыр. Сенбілік аясында биологиялық орталықтың маңы да тазартылды.



Айта кетейік, 29 наурыз күні Семейде жергілікті аумақта табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған еді. Ертіс бассейін инспекциясының ұйғарымымен Шүльбі СЭС-нан Ертіске нормадан артық су жіберіліп, оның арты үлкен тасқын ұласқан болатын. Нәтижесінде Түйемойнақ аралы, Бобровка саяжайы, Пристань және Мирный аудандарында 300-ге тақау баспана мен ауланы қызыл су басты. Сонымен қатар топан су 437 саяжай үйлерінеде кірген-ді. Азаматтық қорғаныс қызметінің ақпаратына сәйкес, қазір Ертістегі судың көлемі 261 см-ді көрсетіп отыр. Ал қонақүйлерді әлі күнге дейін 151 адам паналауда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив