KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

Неге несиені пәтердің барлық құнына төлеп жатыр?

14.03.2018, 05:07 76

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттерінің біразы несие пайызын өзі алған несие сомасына емес бүкіл пәтер құнына төлеп келеді. Мысалы, 5 млн теңге тұратын пәтерді сатып алуға 2,5 млн теңге несие алса, тек осы алған несие пайызын емес пәтер құнының яғни, 5 млн теңгенің пайызын төлеуде. Ал, басқа банктерде несиеге алған қаржының пайызын ғана төлейді. Неге Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттері 50 пайыз көлеміндегі қаражатты ұсынған күннің өзінде несие пайызын барлық займ сомасы бойынша төлейді? Біздің оқырмандарымызды толғандырған сауалға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі баспасөз қызметінен төмендегідей жауап алдық.


«Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы туралы» заңына сәйкес, 5 пайыздық тұрғын үй займын аламын деген адамға 3 шарт орындау керек. Олар:


1) Келісім-шарт сомасының кем дегенде 50%-ын жинау. Келісім-шарт сомасы – түбінде сізге керек ақша, мысалы, үйдің бағасы; 2) Кемі 3 жыл жинау; 3) Ең төменгі бағалау көрсеткішін – 16-ға қол жеткізу. Бағалау көрсеткішін есептеу кезінде ақшаны қаншалықты ұзақ жинағандығы, клиенттің шотқа қаражатты қаншалықты тұрақты салып отырғандығы ескеріледі.


Міне, заңның осы үш шарты толықтай орындалса, клиент 5 пайызбен ақшаның қалған 50%-ын несие түрінде ала алады. Бұл жағдайда несие пайызы тек банк берген ақшаға ғана есептеледі.


Бірақ кей адамның қолында пәтер құнының 50% ы бар. Олар үш жыл күтіп жүрмей, қалған 50%-ды несие ретінде бірден қазір алғысы келеді. Бұл жағдайда банк клиентке көмектесу және заң талаптарын сақтау үшін оған келісім-шарт сомасына тең ақшаны, яғни 100% сома көлеміндегі несиені береді (ол аралық заем деп аталады, пайызы 7,5-8,5 аралығында). Ал клиенттің әкелген 50%-ын оның атына ашылған депозитке салып қояды. Депозитте бұл сома банк сыйақысы, мемлекеттің сыйлықақысы (200 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға есептеледі) қосылып көбейе береді. Үш жыл өткен соң, яғни заң талабы орындалғанда, депозиттегі ақша негізгі қарызды жабуға жұмсалады, ал несие бойынша мөлшерлеме 5%-ға дейін төмендейді.


Басында үйі барлар 5 пайызбен несие ала ала ма?Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен 5%-дық мөлшерлемемен несие алудың шарты қандай? Осы және басқа да сауалдарға жауапты «Дидар» газетінің ертеңгі санынан оқи аласыздар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив