KZ
Өскемен
+7°
небольшой проливной дождь жел 5 м/с, ОБ
486.65 524.46 5.05

Қала әкімдігінің мамандары Сәтпаев даңғылында тәулік бойы кезекшілік етеді

12.03.2018, 07:44 63

Бүгіннен бастап Өскемен қаласы әкімдігінің қызметкерлері шаһардағы орталық көшелердің бірі саналатын Сәтпаев даңғылында тәулік бойы кезекшілік ететін болды. Мұндай тапсырманы қала әкімі Қуат Тұмабаевқа аймақ басшысы Даниал Ахметов берді.


Облыс аумағы мен Өскемен қаласында соңғы бірнеше күн бойы толастамай жауған жаңбыр қасат қарды ерітіп, соңың салдарынан жеке тұрғын үйлерді, аулалар мен көшелерді су алды.



Қарғын су шайған сондай көшелердің бірі облыс орталығындағы Сәтпаев даңғылы болды. Демалыс күндері бұл даңғылды қызыл су басып, нәтижесінде қала орталығы мен Жібек маталар комбинаты ықшамауданы арасында көлік қатынасы қиындаған болатын. Осындай жағдайдың қалыптасуына байланысты қала билігі даңғылды жауып, көліктер айналма жолмен, яғни Самар тас жолы арқылы жүруге мәжбүр болды. Кешеден бері даңғыл бойында жүргізіліп келетін жұмыстар әзірге оң нәтиже бермеуде. Мұны оқиға орнына барған облыс әкімі Даниал Ахметов те айтты.



– Бұл жерді тәулік бойы бақылауда ұстау керек. Аталмыш жұмысқа қала әкімдігі жауапты болады. Жалпы, жағдайдың осылай ушығуына ең алдымен қала әкімдігі кінәлі. Себебі, мұндай жағдай осымен екінші рет орын алып тұр. Өткен жылдың күзінде облыс орталығында жауын-шашын көп түскен кезде де даңғылдың біраз бөлігін су шайғаны есімізде. Сол кезде қала әкімі мен шаһардағы тазалыққа жауапты органдарға даңғылды бойлай салынған арықты кеңейтіп, жол іргесіне құм төгуді тапсырған болатынмын. Алайда, бұл тапсырмаларым аяқсыз қалды. Нәтижесін өздеріңіз де көріп тұрсыздар. Енді даңғылды судан арылту үшін мұнда ең қажет техниканың бәрін жұмылдырып, судың бетін бұру қажет. Тез арада, яғни бір-екі сағаттың көлемінде даңғылдағы көлік қатынасын жандандыру керек, – деп тапсырды облыс әкімі.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив