Наурыз айында 13 күн демаламыз
8 наурыз мерекесі бейсенбі күнге тура келеді. 9 наурыздағы жұмыс күні ҚР Үкіметінің қаулысымен 3 наурыз, сенбіде өткізілді. Демек, 8 наурыздан 11-іне дейін төрт күн қатарынан демаламыз. Бұл бес күндік еңбек аптасымен жұмыс істейтіндерге қатысты.
ҚР Еңбек кодексі 85-бабының 3-тармағына сәйкес, мереке күндері жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында, Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне өткізуге құқылы.
Наурыздың 21-інен 23-іне дейін - сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері елде Наурыз мейрамы тойланады. Демек, қазақстандықтар ол аптада қатарынан бес күн демалады.
Жалпы, 4, 17, 18 және 31 наурыздағы демалыс күндерін қоса есептегенде, барлығы 13 күн демалыс беріледі.